Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ассамблея Кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі ҚХА мен Ассамблея кеңесінің жаңа құрамын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚХА және Ассамблея Кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.

«Қазіргі құрам ҚР Президентінің 2020 жылғы 23 қарашадағы шешімімен бекітілді. Сонымен қатар, ҚХА сессиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі шешімімен ассамблеяны басқару құқығын ҚР Президентіне беру, сондай-ақ ҚХА құрметті төрағасы мәртебесін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасына бекіту мәселесі мақұлданды», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов.

Ол сондай-ақ, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру шеңберінде этносаралық келісімді қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту жүргізілгенін атап өтті.

«ҚХА хатшылығы жергілікті жерлерде Ассамблея құрамдарын қалыптастыру тәсілдерін әзірледі және қалалар мен облыстардың ҚХА төрағаларына (әкімдерге) жіберілді. Сол бойынша өңірлерде Ассамблея мүшелерін ротациялау жұмысы жүргізілді», - деді Марат Әзілханов.

Оның айтуынша, өңірлік Ассамблея құрамына этномәдени бірлестіктердің, ҚХА құрылымдарының, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен өңірлердің ұсыныстарына сәйкес қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері кіріп отыр.

«Ассамблея құрамы 523 мүшеден тұрады. Оның ішінде орталық деңгейде – 105, өңірлік деңгейде 418 мүшесі бар. Осылайша, Ассамблеяның өңірлік құрамдауышын, сондай-ақ жастар сегментін айтарлықтай кеңейту көзделеді. Ассамблея құрамында барлығы 39 этникалық топ бар», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ ҚХА кеңесінің құрамы жаңартылады.

«Кеңес құрамы 76 мүшеден (бұрын 72 мүше болған) тұрады, оған Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі мен Тұңғыш Президент - Елбасы Кеңсесінің басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрлері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері кірді. Олар да жергілікті ҚХА төрағалары болып саналады. Кеңестің 10 мүшесі Парламент Мәжілісінің, Кеңестің екі мүшесі Парламент Сенатының депутаттары екенін айту керек, - деді Марат Әзілханов.


Соңғы жаңалықтар