Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған 100 және 200 теңгелік монеталар шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік «Qazaqstan halqy Assambleıasy» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Монеталарды шығару Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орайластырылған

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында - ұлттық ою-өрнек элементтері. Нейзильберден жасалған монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуы бар, ал мельхиордан жасалған монетаның астында «200 TEŃGE» жазуы орналасқан. Айналдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп жазылған.

Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) күн сәулесінің аясында оқиғаның мерейтойлық күнін білдіретін «25» жазуы бар ою-өрнек картасы орналасқан. Кескіннің астында ҚХА-ның құрылған жылын және шақаның соғылған жылы мен мерейтой датасын білдіретін «1995•2020» жазуы бар. Төменгі бөлігінде Мемлекеттік ту элементі орналасқан. Айналдыра «QAZAQSTAN HALQY ASSAMBLEIASY» және «АССАМБЛЕЯ НАРОДА КАЗАХСТАНА» деп жазылған.

Техникалық өлшемдері:

«Рroof-like» сапалы монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номиналы 200 теңгелік, 3000 данамен дайындалды.

«Uncirculated» сапалы монеталар МНЦ 15-20 МНЦ 15-20 қоспасынан, массасы
11,17 грамм, диаметрі 31 мм, номиналы 100 теңгелік, 50 000 данамен дайындалды.

Қазақстан теңге сарайында дайындалған монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

«Номиналы 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті. Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады», - деді ҰБ-дан.


Соңғы жаңалықтар