Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттары сайланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІІ сессиясы жұмысын бастады. Сессия барысында Парламент Мәжілісіне ҚХА атынан депутаттар сайланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиынға еліміздің барлық өңіріндегі республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен ҚХА мүшелерінің делегациясы, қоғам қайраткерлері, ғылым және шығармашылық зиялылар, ҚР-да аккредиттелген халықаралық байқаушылар және БАҚ қатысады.
Сессия ашылған соң «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 93-1 бабына сәйкес Ассамблея мүшелерінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа ҚХА Кеңесі ұсынған кандидаттарға дауыс беруі жүзеге асырылады.
Сағат 07.00-де Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру пунктін ашады. Қалалық сайлау комиссиясы Мәжіліске депутаттарды сайлауға дауыс беру қорытындысын жариялаған соң сессия жұмысын аяқтайды.
2020 жылдың 24 желтоқсанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліске ҚХА атынан сайлауға түсетін 9 депутатты тіркеген еді.
- Мәжіліс депутаттары елорданың су тасқыны қаупі бар аумақтарын әуеден бақылады
- Нұрлан Нығматулин: Бюджет заңнамасын жетілдіру - Мәжілістің басты назарында
- Сенаторлар ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысын жетілдіру мәселелерін талқылады
- СҚО-да «Nur otan»-ның сайлауалды уәделерінің орындалуын қоғамдық кеңестер бақылайды
-
Қазақстан Парламентінің депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты
-
Мектеп кітапханаларының қоры цифрландырылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам