Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері медициналық масканы тегін таратты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық ҚХА 3500-ге жуық тегін медициналық маска таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері елорда тұрғындарына, көп балалы отбасыларға, әсіресе егде жастағы адамдарға медициналық маскаларды тарату бойынша қайырымдылық акциясын өткізді. Елордалық еріктілер, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері 3500-ге жуық бетперде таратты» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қайырымдылық акциясы әлі жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар