«Қазақстан халқына» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«Қазақстан халқына»қоры Қамқоршылық кеңесінің жаңа төрағасы болып «Атамекен» ҰКП-нің Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қордың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Юрий Пя жұмыс көлемінің жоғары болуына байланысты қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ретіндегі өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірген. Ю.Пя – жоғары технологиялармен өте күрделі кардиохирургия операцияларын жасап жүрген әлемге әйгілі дәрігер, Қазақстан Еңбек Ері атағына ие. Қазір ол «University Medical Center» корпоративтік қорын басқарады.

Атап өтілгендей, Юрий Пя Қамқоршылық кеңес құрамында қала отырып, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда қорға қолдау көрсетуді жалғастырады.

Қордың Қамқоршылық кеңесінің жаңа төрағасы болып қоғам қайраткері, «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов сайланды.

Ал Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары болып медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы сайланды


Соңғы жаңалықтар