Қазақстан хоккейшілерінің Азия ойындары іріктеуіндегі ойын кестесі анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу кезеңіндегі ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнир Таиланд астанасы Бангкок қаласында 6-15 мамыр аралығында өткізіледі.

Ұлттық құрама А тобында Оман, Таиланд, Гонконг және Өзбекстанмен шеберлік байқасады.

Қазақстандық хоккейшілер бүгін, 6 мамырда Таиланд құрамасымен шеберлік байқасады.

Одан кейін 7 мамырда Оманмен кездессе, 9 мамырда Өзбекстанмен ойнайды.

Ал 10 мамырда Гонконг құрамасымен кездеседі.

В тобында Бангладеш, Шри-Ланка, Индонезия және Сингапур құрамалары ойнайды.

Азия ойындарына алты құрама жолдама алады.

Қазақстандық хоккейшілер аталған доданың финалдық кезеңінде екі мәрте бақ сынады. 1994 жылы 6-орын алса, 2018 жылы 11-орынды місе тұтты.



Соңғы жаңалықтар