+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ жаңа басшысы тағайындалды

2021 жылғы 9 сәуір 21:21
Бөлісіңіз:
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ жаңа басшысы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұхтар Жұмағазыұлы Керейбаев «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы келді Алматы қалалық мобильділік басқармасына жаңа басшы келді Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Мұхтар Жұмағазыұлы 1964 жылғы 6 қазанда Семей облысында дүниеге келген. Алматы инженер және теміржол көлігі институтында «инженер-механик» мамандығы, Қазақ гуманитарлық заң академиясында «құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

1986-1991 жылдары Семей локомотив депосында шебер және өндіріс бастығы болып жұмыс істеді.

2000-2007 жылдары «Резерв» РМК-да: Семей филиалында менеджер және басқарушы, «Балқаш» филиалының директоры, Астана қаласы бойынша «Резерв» РМК бас директорының бірінші орынбасары және бас директоры лауазымдарын атқарды.

2010-2015 жылдары «Тыныс» АҚ зауытының Бас директоры қызметін атқарды. Ол қосарланған мақсаттағы өнім өндірумен және азаматтық саладағы өндіріспен айналысады.

2015-2017 жылдары Астана қаласы әкімдігінің бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдарын басқарды.

2020 жылдан бастап «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет істейді.

2021 жылғы наурыздан бастап «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.

Керейбаев Мұхтар Жұмағазыұлы «Құрмет» орденімен марапатталған.


Фото: ke.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT