Қазақстан көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу доктринасын таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу доктринасының жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

«Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша Сіз мәлімдеген бағдарды жалғастыру үшін Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу доктринасының жобасын таныстыруға рұқсат етіңіз», - деп жүгінді министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясы барысында.

Оның атап өтуінше, доктрина ең үздік алдыңғы қатарлы TIMES, CGE және System Dynamics сынды модельдердің көмегімен шынайы экономиканы модельдеу негізінде әзірленген.

«Бұл барынша аз инвестициялық шығындар және мүмкіндігінше мол экономикалық пайда алу тұрғысында Қазақстан экономикасын көміртексіздендірудің ең оңтайлы жолын айқындауға мүмкіндік берді», - деді Серікқали Брекешев.


Соңғы жаңалықтар