Қазақстан қор биржасында сауда-саттық, валюта айырбастау операциялары қайта жанданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі төтенше жағдай басталған сәттен бастап ішкі нарықтағы ахуалды жіті бақылауында ұстап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банк өтімділігін қолдау үшін Ұлттық банк стандартты құралдарға қосымша Қазақстан қор биржасында (KASE) репо операциялары арқылы өтімділікті 3 айға дейінгі мерзімге қолдау тетігін пайдалана бастады.

Екінші деңгейлі банктердің барлық қажеттіліктері толық көлемде қанағаттандырылып отыр.

Алматы қаласы мен басқа да өңірлердегі ахуал тұрақталып, байланыс тетіктері рет-ретімен қалпына келуіне байланысты 2022 жылғы 12 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасының валюта алаңында сауда-саттық, екінші деңгейлі банктердің және банктік емес айырбастау пункттерінің валюталық айырбастау операциялары, сондай-ақ халықаралық төлемдер мен аударымдар қайта жанданады.

Орын алған келеңсіз оқиғалар кезінде қаржылық тұрақтылыққа қолдау көрсету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық банк қажеттілікке қарай өзінің тікелей қатысуымен жағдай толық тұрақталғанша валюталық интервенциялар жүргізу және нарықтың ішкі, сыртқы қатысушылары тарапынан теңгеге деген сенімді қалпына келтіру арқылы валюта нарығының теңгерімділігін қамтамасыз етеді.


Соңғы жаңалықтар