Қазақстан коронавирусты анықтайтын праймерлерді сатып алуды бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Қытайда өршіген коронавирусты зертханада анықтауға қажетті праймерлерді сатып алуға кірісті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вирустың болуы (адам ағзасында – ред.) тек зертханалық жолмен анықталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың құрылымын алды және бізге праймерлерді ұсынды. Бұл арқылы коронавирустың бар-жоғын анықтауға болады. Осы кезеңде анықталу жағдайларын жоққа шығару және мәліметтерді өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша ДДҰ-ға жіберу жолымен жұмыс істейтін боламыз. Ал кейінірек өзіміз де анықтай алатын боламыз», - дейді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, қазақстандық тарап коронавирусты анықтауға қажет праймерлерді сатып алу рәсімін бастады.

«Бұл праймерлерді сатып алуды бастадық. Менің ойымша, вирусты идентификациялауды бір жарым-екі айдың ішінде қолға аламыз», - дейді ол.




Соңғы жаңалықтар