Қазақстан күрдтер қауымдастығының басшысы Князь Мирзоев дүниеден өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан күрдтер қауымдастығының басшысы Князь Мирзоев дүниеден өтті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ғалым, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан күрдтер қауымдастығының басшысы Князь Ибрагимұлы Мирзоевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Министрліктен атап өткендей, Князь Мирзоев бүкіл саналы ғұмырын ғылым мен қоғамға арнаған. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне өз үлесін қосқан белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлға болған.

«Марқұмның жарқын бейнесі, атқарған қызметі мен еңбектері жақындары мен әріптестерінің есінде мәңгілік қалады», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар