Қазақстан мен Испания арасында саяси консультациялар өтуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігі арасында саяси консультациялардың 6-раунды өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Испания Қазақстан үшін маңызды еуропалық әріптес саналады және біз бұл елмен қарым-қатынастардың стратагиялық әріптестік рухында дамып жатқандығын қуанышпен айтқымыз келеді. 2009 жылы қол қойылған стратегиялық әріптестік туралы келісім бүгінгі келіссөздердің қорытындысы бойынша алдағы жылы тағы қарастырылып, жаңа деңгейге көтеріледі деген сенімдеміз. Бүгінгі консультациялар Испаниямен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты алғанда барлық мәселелерді қамтиды деуге болады. Олар бойынша ұстанымдарымызды, пікірлерімізді ортаға салуға мүмкіндік туды», - деді консультациялар аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Сырты істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев.

Оның атап өтуінше, консультациялар барысында испан тарапымен халықаралық ұйымдарда және БҰҰ, ЕО, ЕҚЫҰ аясында өзара іс-қимыл мәселесі қозғалып, бір-бірінің кандидатураларын қолдау бойынша пікір алмасылған.

«Келіссөздердің қорытындысы бойынша екіжақты ең жоғары деңгейдегі сапарларды жандандырып, парламентаралық байланыстарды дамытуға шарттық-құқықтық базаны кеңейту жайы қозғалды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды тереңдетіп, екі мемлекеттің мәдени байланыстарын нығайту жөніндегі алдағы іс-шаралар белгіленді», - деді ол.

Айта кетерлігі, саяси консультациялар алдында испандық делегацияны бастап келген Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің мемлекеттік хатшысы Кристина Гайакты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдады.


Соңғы жаңалықтар