Қазақстан мен Испания арасындағы саяси консультация Мадридте жалғасады
Айта кетерлігі, бүгін елордада Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігі арасында саяси консультациялардың 6-раунды өтіп жатыр.
«Біз қарым-қатынастарымызды барынша дамытып, дұрыс жолға түсіре алдық. Осы ретте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрін Испанияға сапармен келуге шақырамын және жаз айында ол сапардың орын аларына үміттенемін. Сол кезде бүгінгі талқылауларымызды, екіжақты қарым-қатынастың өзге де мәселелерін талқыға салар едік», - деді ол саяси консультациялар аясында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында.
Сонымен қатар Қазақстанда испан инвестиция салынған көптеген кәсіпорын жұмыс істейтіндігін екіжақты сауда-саттық да жасқы дамығандығын атап өтті.
«Испания Қазақстанның сенімді сауда серіктестерінің бірі саналады және алдағы уақытта да осы қарым-қатынасымыздың өрістей түсетіндігіне сенім артамыз. Бұған қоса, бүгінгі консультациялар барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынасты да талқыға саламыз. Бұл орайда Қазақстанның ЕО-мен қарым-қатынасты тереңдету ұстанымына қолдау білдіреміз», - деді Кристина Гайак.