+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауданы арттыратын құжат мақұлданды

2019 жылғы 16 қазан 12:08
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауданы арттыратын құжат мақұлданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады Жүргізуші құқығынан айырылғандарға көлік айдағаны үшін айыппұл артады Нұрлан Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуы тиіс

«Қазіргі кезде екі ел арасында 11 автомобиль өткізу бекеті бар, олардың бесеуі көпжақты халықаралық, ал алтауы - екіжақты. Екіжақты өткізу бекеттерінің төртеуінен өтетін адамдар мен көлік құралдарының қарқыны өте төмен болуы себепті олар 2010 жылы жабылған. Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған жеті өткізу бекетінен жылына 11 миллиондай адам және 466 мың көлік құралы өтуде. Сондай-ақ 2018 жылы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау Қазақстан мен Қырғызстан арасында 43 пайызға артып, 1,7 млн тоннаны құрады», - деп атап өтті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Оның сөзіне қарағанда, хаттамада Сарытөбе және Ауқатты автомобиль өткізу пункттерінің мәртебесін екіжақтыдан «көпжақты халықаралыққа» ауыстыру ескерілген. Сонымен қатар, «Нововоскресеновка» өткізу бекетінің атауын «Сыпатай батыр» деп өзгерту көзделген.

«Бұл шаралар өз кезегінде Қарасу және Қордай автомобиль өткізу бекеттеріндегі көлік ағынын жеңілдетуге мүмкіндік бере отырып, Қазақстан және Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастың одан әрі дамуын жақсартады. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің тауар айналымына оң әсерін береді», - деді Атамқұлов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT