+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

2021 жылғы 3 наурыз 14:35
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты Мемлекет басшысы «follow the money» қағидаты туралы айтты

Мемлекет басшылары АХҚО-ның Халықаралық соты және Арбитраж орталығының, Қаржылық қызмет көрсету жұмысын реттеу жөніндегі комитеттің, Ислам қаржысы мен бизнесі жөніндегі хабтың, Жасыл қаржылар орталығының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар екі ел президенттеріне Экспат орталығының, АХҚО биржасының, Үздіксіз кәсіби даму бюросы мен Қаржы технологиясы хабының қызметтері туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровқа Қаржы орталығының бірқатар әзірлемелері, атап айтқанда, e-Justice электронды сот төрелігінің жүйесі мен TABYS мобильді қосымшасы таныстырылды.

Іс-шара соңында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов келешекте АХҚО-ның филиалын Бішкекте, ал Қырғызстанның Инвестиция тарту жөніндегі агенттігінің өкілдігін Қаржы орталығында ашуды ұсынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT