Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 20 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 10:59-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматыдан батысқа қарай 883 шақырым қашықтықта, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы маңында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.7. Магнитудасы – 4.3 MPV. Бағыты 42.68° с.е, 66.13° ш.б орналасқан. Тереңдігі – 15 шақырым. Сезілу деңгейі туралы мәлімет жоқ.


Соңғы жаңалықтар