Қазақстан мен Өзбекстан Ұлттық ұландары бірлесіп жаттығулар өткізбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН - ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан және Өзбекстанның Ұлттық ұландары ынтымақтастықты нығайтуда ортақ жаттығулар өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов бастаған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының делегациясы Өзбекстан Республикасында іссапармен болды. Сапар өзбекстандық тараптың шақыруымен қызметтік-жауынгерлік әрекет бойынша тәжірибе алмасу және әр түрлі салада екіжақты ынтымақтастықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Қазақстандықтар алдымен Өзбекстан Ұлттық ұланының Орталық аппаратында болып, Қолбасшы генерал-майор Рустам Джураевпен кездесті. Жүздесу барысында бірқатар келісімдер бойынша келіссөздер өткізіліп, құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, маңызды мемлекеттік нысандар мен жүктерді күзету, екі ел арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің біріккен арнайы-тактикалық жаттығуларын, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық ұлан Әскери институтымен білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша тәжірибе алмасу мәселелері әңгіме арқауы болды.

Сапар аясында ҚР Ұлттық ұлан делегациясы Қоғамдық қауіпсіздік университетінде, Арнайы оқу орнында, Ташкент қаласының күзету бөлімін, Кавалериялық эскадронда және тағы басқа да нысандарда болып, қызметтік-жауынгерлік әрекеттің әр түрлі мәселелері бойынша Өзбекстан Ұлттық ұланының тәжірибесімен танысты. Делегация басшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов ықпалдастық жоспарына қол қою кезінде екі жақты ынтымақтастықты дамыту, нығайту және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара әрекеттесу әрі қарай жалғасатынына сенім білдірді. Тараптар, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық ұланы өкілдері кинологтарының жеке-командалық жарыстарына, бақылаушы ретінде күрең берет квалификациялық сынақтарына қатысуға, сонымен қатар таулы және арнайы-тактикалық дайындық бойынша Қазақстан және Өзбекстан Ұлттық ұландарының арнайы мақсаттағы жауынгерлері арасында тәжірибелік семинар-жиналысын өткізу туралы келісімге қол жеткізді.
Бұдан бөлек, Өзбекстан Ұлттық ұланының басшылығы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған әскери-үрмелі оркестрлер арасындағы халықаралық әскери-музыкалық «Әскери керней – 2022» фестиваліне және ҚР Ішкі істер министрінің кубоынае арналған жекпе-жек ұрыс бойынша Халықаралық турнирге қатысуға ынта танытты.
Соңғы жаңалықтар