Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қашан қалпына келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қашан іске қосылады? Бұл сұраққа ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл халықаралық рейстер бойынша мәселе қаралуда. Шешімдер кезең-кезеңімен қабылданады. Тиісінше коронавирус инфекциясы бойынша Ресей Федерациясындағы жағдайдың тұрақтануына байланысты симметриялық шешімдерді есепке ала отырып, ол бағыттағы халықаралық рейсті қайта қалпына келтіру мәселесі қаралады», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Еске сала кетсек, Сәдуақас Байғабылов бұған дейін Қазақстан тұрақты әуе рейсін қалпына келтіретін елдердің тізімін ұзартып жатқанын хабарлаған еді.

«Қазақстан тұрақты халықаралық әуе рейстерін қалпына келтіретін бірінші және екінші санаттағы мемлекеттер тізімі ұзартылды», - деді ол баспасөз мәслихатында.



Соңғы жаңалықтар