+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы адамдарды ұстап беру тәртібі анықталды

2021 жылғы 24 ақпан 11:15
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы адамдарды ұстап беру тәртібі анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да студенттер эвакуатормен вагон ұрлап кеткен Аузына картоп тығындаған: Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты Жамбылда 46 жастағы әйелді ұрлап әкеткен күдіктілер құрықталды

«Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қылмыстық сала мәселелері бойынша шарттардың толық пакеті жасалды. Бүгін қаралып отырған құжатқа тоқталсақ, бұл шарт адамдарды ұстап беруге арналған. Бұл құжат іздеуде жүрген адамдарды қылмыстық жауапқа тарту және сот үкімін орындау үшін экстрадиция мәселелерін реттейді. Қылмыс жасап, жасырынып жүрген адамдарды қайтару үшін қажет құқықтық құрал болып саналады. Құжатта ұстап беру және одан бас барту негіздері бекітілген», - деді ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, шарт бойынша ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар деп сұрау жолдаған кезде тараптардың заңына сәйкес қылмыс болып саналатын әрі ол үшін кемінде бір жыл бас бостандығынан айыру немесе өзге қатаң жаза көзделген қылмыстар танылады.

Мына жағдайдаларда адам ұстап берілмейді:

- тараптардың заңнамасы бойынша жасалған қылмыс үшін өлім жазасы көзделсе;

- іздеудегі адам ақталған болса немесе оған қатысты қылмыстық қудалау тоқталған болса;

- сұратып отырған адам тараптардың азаматы болса;

- әдеттегі қылмыстық құқыққа сәйкес қылмыс болмайтын әскери қылмыс жасаса;

- адамның нәсілі, діні, жынысы, ұлты, саяси көзқарасы үшін айыптау немесе оның сотталуы мүмкін деп болжауға негіздер болған жағдайда.

«Солтүстік Македонияда Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адамдар жоқ. Біз де ол елдің органдары іздеу салған адамдар анықталмады», - деді М. Ахметжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT