Қазақстан мен Түркия арасында Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісі дамиды

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Анкарада өткен бірлескен көлік комиссиясының отырысында қабылданған шешімдерге сәйкес, Қазақстан және Түркия екіжақты транзит тасымалын дамыту мақсатында ынтымақтасты жүзеге асыруға келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

Қос тарап Баку-Тбилиси-Карс теміржолы мен Шығыс-Батыс Орта дәліз арқылы жүк тасымалының ұлғаюын құптай отырып, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.

Орта дәліз арқылы Транскаспий бағытындағы вагондар мен контейнерлердің тасымалдау бойынша бекітілген мөлшерлемені ескере отырып, олардың Баку-Тбилиси-Карс жаңа желісі арқылы тасымалдаудың маңызына назар аударды.

Сонымен қатар Орта дәлізді тиімді және тұрақты пайдалану үшін тиісті мекемелер арасындағы үйлестіруді күшейтудің маңызын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар