Қазақстан мен Түркия қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету жолдарын талқылады

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Анкарада Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.

Руслан Жақсылықов Анкараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың делегациясы құрамында келді. Мәртебелі мейманның құрметіне Түркияның қорғаныс ведомствосы ғимаратының жанында құрметті қарауыл сапқа тұрды.

Министрлер бауырлас екі мемлекеттің қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету жолдарын, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Қорғаныс ведомстволарының басшылары Түркия мен Қазақстан халықтарын байланыстыратын тарихи тұстардың бар екенін атап өтті.

Түркия министрі Анкара мен Нұр-Сұлтан арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімді екіжақты байланыстарды кеңейтудегі маңызды кезең деп атады. Акар Түркия-Қазақстан қорғаныс байланыстарын, оның ішінде бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етуден басталды.


Соңғы жаңалықтар