Қазақстан мен Түркия туларының флешмобы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай екі елдің мемлекеттік рәміздерімен флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара Түркия үшін символдық мәні бар Анкарадан шығысқа қарай 80 шақырым жердегі Кырыккале өлкесінде ұйымдастырылды. Ұймдастырушылар бұл жерді тегінен таңдап алмаған. Себебі дәл осы жерде Түркияның 43 өлкесін тоғыстыратын жол өтеді және Байрактепе қыратынан қашықта желбіреп тұрған елдің үлкен туы анық көрінеді.

Флешмобты Түркістан қаласының құрметті азаматы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі доктор Фатма Сенмез ұйыдастырды. Оған жергілікті мемлекеттік және атқарушы органдар, түрік жастары, еріктілер және Қазақстанды жақсы көретін жергілікті тұрғындар көмек көрсетті.


Соңғы 27 жыл бойы Ф.Сенмез елімізді Түркияда танытуға зор үлес қосып келеді. Ол осы уақытқа кейін Қазақстанмен тікелей байланысты әртүрлі 530 іс-шара ұйымдастырған.

«530 санына тура келген осынау іс-шараны Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай әдейі ұйымдастырдым. Кезінде рухани астанамыз Түркістанда білім алғанымды мақтан тұтамын. Сол кезде түркі әлемінің негізін қалаушы Елбасымызды алғаш рет көрген едім. Бүгінгі іс-шара сол кісінің де құрметіне арналады. Өйткені, көшбасшымыз әрі түркі әлемінің ақсақалы Н.Назарбаев тек қазақ халқының ғана емес сонымен бірге бүкіл түркі әлемінің игілігі үшін еңбек етіп жүр»,- деді ол.



Соңғы жаңалықтар