Қазақстан мұнай өндіруді арттырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін бейнеконференция форматында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты.

М.Мырзағалиев Қазақстанның ОПЕК+ келісіміне беріктігін және өз міндеттемелерін орындауға дайындығын растады.

Сондай-ақ Энергетика министрі Қазақстан алдағы айларда өндірісті одан әрі біртіндеп арттыратынын атап өтті.

«Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін келісімге қатысушылар шектеулерді алып тастағанға дейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұжымдық арттыру туралы шешім қабылданды.

Осылайша, ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота қазанда тәулігіне 1,524 млн баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Мәлім етілгендей, Қазақстан үшін квота қарашада тәулігіне 1,540 млн баррель болып белгіленген.

Соңғы жаңалықтар