Қазақстан мұнайдан не өндіріп отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы бес жылда Қазақстандағы мұнай-газ-химия өнімдерінің өндіріс көлемі 4 есе артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі редакцияның сауалына жолдаған жауапта айтты.

«Қазіргі уақытта республикада хош иісті көмірсутектер өндірісі, полипропилен және бензинге арналған октанды қанықтыратын қоспалар өндіру жөніндегі зауыт, сондай-ақ майлау майларын шығару зауыттары табысты жұмыс істеуде», - деп жазады министрлік мамандары.

Баспасөз қызметінің мәіметі бойынша, Атырау мұнай өңдеу зауытында қуаты жылына 130 мың тонна бензол және қуаты жылына 500 мың тонна параксилол өндіретін кешен іске қосылған. Ал Павлодарда қуаты жылына 70 мың тонна және жылына 20 мың тонна бензинге арналған полипропилен мен октанды қанықтыратын қоспалар шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ жиынтық қуаты жылына 150 мың тонна техникалық май шығаратын 4 зауыт жұмыс істейді. Олар: «Лукойл» ЖШС (Алматы облысы), «Hill Corporation» ЖШС (Шымкент қаласы), «Семей май зауыты» ЖШС және «Evooil Kazakhstan» ЖШС (Павлодар қаласы).

«Жаңа кәсіпорындардың іске қосылуына және жұмыс істеп тұрған зауыттардың өнім шығару көлемінің артуына байланысты жыл сайын мұнай-газ-химия өнімдері өндірісінің өсуі байқалады. Осылайша, 2020 жылы өндірілген өнім көлемі 360 мың тоннаны құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4 есе көп», - деп жазылған министрліктің жауабында.

Ведомство өкілдері әірге бұлардың қатарын толықтыратын жаңа жобалар қолға алынбайтынын да жеткізді. Оған инвесторлар тарапынан ешқандай ұсыныстың түспеуі себеп болып отыр.


Соңғы жаңалықтар