Қазақстан Мысырмен әуе қатынасын тоқтатады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан 3 желтоқсаннан бастап Мысырмен әуе қатынасын тоқтатады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бельгияда Мысырдан келген адамнан «Омикрон» штаммының коронавирус инфекциясы жағдайының анықталғанын және Мысырдан келетін жолаушылар санын ескере отырып, Мысырмен әуе қатынасын тоқтатыла тұрады», - деді бірінші вице-министр.

Сонымен қатар Марат Шоранов Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген короновирус инфекциясы штамдарын секвенерлеу зерттеу жұмыстары жалғасатындығын атап өтті.

Бұған дейін бірінші вице-министр «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын байланысты осы жылғы 3 желтоқсаннан бастап елімізде бірқатар шектеу іс-шарасы енгізілетіндігін айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар