Қазақстан оқушылары халықаралық Жәутіков олимпиадасынан 90 медаль жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде мамандандырылған білім ұйымдарының оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндерінен XVII халықаралық Жәутіков олимпиадасы онлайн форматта өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, олимпиадаға Аустралия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Дания, Үндістан, Индонезия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінен 146 команда құрамында 1 мыңнан астам оқушы қатысты.
Бәсеке қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 90 медаль жеңіп алды: оның 13-і - алтын, 37-сі - күміс және 40 қола медаль.
Олимпиада нәтижесі бойынша 500 қатысушы жүлдегер атанды.
Білім және ғылым министрлігі олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-анасы мен мұғалімдерді жеңісімен құттықтады.
- Алматыда өзін жемқорлықпен күрес қызметкерімін деп таныстырған алаяқ ұсталды
- Алматылық ғалымдар 51 млн теңгенің грантын ұтып алды
- Теңгенің нығаюына не әсер етті – Ұлттық банк
- Алматыда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 583 млн теңге грант беріледі
-
«Ана деген теңдесі жоқ ұлылық!»: Аналарды кітапханашылар құттықтады
-
Доллар арзандап келеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам