Қазақстан өңірлерінде вакцинаның қанша дозасы бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1 790 356 адамға коронавирус вакцинасының бірінші компоненті егілді. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакциналау тақырыбына тоқталсақ, Қазақстанда 1 790 356 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны – 722 504. Бүгінгі таңда аймақтарда 798 мың дозадан астам вакцина бар», - деді М. Смағұл.

Оның айтуынша, қажеттілікті ескере отырып, егу пунктерінің артып келеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 14 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. https://kaz.inform.kz/news/koronavirus-soltustik-kazakstan-zhasyldan-sary-aymakka-otti_a3787755

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.


Соңғы жаңалықтар