Қазақстан Орталық Азиядағы құс жолын сақтау жобаларын үйлестіретін болды

None
None
ЛОНАВАЛА. ҚазАқпарат – Үндістанның Махараштра штатындағы Лонавала қаласында 18-22 қараша күндері сулы-батпақты аймақтар мен оны мекендейтін құстарды сақтауға арналған халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығына сілтеме жасап.

Жиында Орталық Азиядағы құс жолында (Central Asian Flyway - CAF) іске асырылатын табиғатты қорғау жұмыстарының маңызына ерекше назар аударылды.

Бомбейдің табиғат тарихы қоғамы (Үндістан) мен ҚБСҚ (Қазақстан) Орталық Азиядағы құс жолы жөніндегі бастамаларға (CAFІ) қатысушы елдердің әрекеттерін сонымен қатар, Оңтүстік Азия мен Орталық Азиядағы жобаларды үйлестіретін болды. Қазақстан атынан ҚБСҚ атқарушы директоры Вера Воронова, қауымдастықтың ғылыми қызметкері Руслан Оразалиев сөз сөйледі.

Конференцияға 200-ден астам адам қатысты. Орталық Азиядан Қазақстан, Түрікменстан (Елдар Рүстемов), Өзбекстан (Олег Кашкаров) өкілдері де қатысты. Шараны Бомбейдің табиғат тарихы қоғамы (Bombay Natural History Society) ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар