Қазақстан өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің барлық өңірлерінен саланың жетекші мамандарының қатысуымен Қазақстанның өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей , шараға ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде ведомство басшысы аграрийлердің ерен еңбегінің арқасында бүгінде 16 млн тонна астық пен дәнді-бұршақты дақыл жиналғанын, бұл елді толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт нарығындағы өз позициямызды сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстан - өңірдегі негізгі азық-түлік хабы, өнім жоғары сапалы және зор сұранысқа ие.

«Біз бүгін сіздерге құрмет көрсетіп, өндіріс озаттарының слеттерін өткізудің бұрынғы дәстүрін жаңғыртамыз. Осы заманауи көрме кешенінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өсімдік шаруашылығының озық мамандарының слетін өткізіп отырмыз. Бірінші слеттің бүкіл халық үшін мерейлі жыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылында өтіп жатқаны қуанышты», - деді министр.

Пандемия азық-түлік жүйелерінің маңызын, оның басымдығын және өндіріс көлемін ұлғайту қажеттігін айқын көрсетті.

Үкімет агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны қабылдады, ол - бүкіл сала үшін стратегиялық құжат.

«Ұлттық жобаның міндеттерінің бірі - еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру. Бұл бойынша жұмыс істеу керек. Нәтижесінде әр гектардан түсетін табыс та артады», - деді Ербол Қарашөкеев.

Жобада сапалы тұқымдарды пайдалану көлемін - өндіріс негізін ұлғайту, минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемін ұлғайту, сондай-ақ өсімдіктерді уақтылы және толық қорғау көзделген.

Ұлттық жоба аясында барлық бағыттар қаржыландырудың жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген.

Биыл отандық өндіріс техникасын сатып алу кезінде инвестициялық субсидия 30% дейін ұлғайтылды.

Өздігінен жүретін бүріккіштерді, жемшөп жинайтын комбайндарды, қызылша жинайтын техниканы сатып алу кезінде, сондай-ақ кооперативтердің техниканы сатып алу кезінде 50% инвестициялық субсидия қолданылады.

Сондай-ақ, шара барысында Ербол Қарашөкеев ведомстволық наградаларын табыстап, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына елеулі үлес қосқан сала өкілдерін Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамоталарымен марапаттады.

«Халық өндірістің батырлары туралы білуі тиіс, сіздердің еңбектеріңіздің арқаларыңызда үстелдерімізде нан мен басқа да өнімдер бар. Мұндай слеттер тек үздік болуға ынталандырып қоймай, сонымен қатар ауыл шаруашылығы қызметкерінің мәртебесін дәріптейді» - деп қосты ведомство басшысы.

Сөз соңында Ербол Қарашөкеев жиналғандарды кәсіби мереке - Нан күнімен құттықтап, зор денсаулық пен мол табыс тіледі.


Соңғы жаңалықтар