Қазақстан өзін авиаотынмен толық қамтамасыз ете алады – Энергетика министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елдегі мұнай өңдеу зауыттары 590,2 мың тонна авиаотын өндіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетика министрлігінің редакция сауалына жолдаған жауабына сүйенсек, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықтың авиаотынға деген сұранысын толығымен қамтамасыз етіп отыр.

«Ішкі нарықтың авиаотынға сұранысы жылына шамамен 550-600 мың тоннаны құрайды. 2021 жылы авиаотын өндірісі 590,2 мың тонна көлемінде жоспарланған», - деп жазады министрліктегілер.

Ведомствоның баспасөз қызметі республика бойынша мұнай өндірудің өзіндік құны әр кені орнында әрқалай екенін айтады

«Өнімді өткізу, кедендік баж бен рента салығы, әкімшілік-қаржылық және өзге де шығыстар кен орындарындағы мұнай өндірісінің өзіндік құнын әр түрлі етіп отыр, яғни қатты айырмашылықтар бар. Баррельге шақсақ, 30 даллардан 50 долларға дейін құбылады», - деп жазылған министрліктің жауабында.

Соңғы жаңалықтар