Қазақстан Ресейдің сенімді серіктесі әрі одақтасы болып қала береді – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Ресейдің сенімді серіктесі әрі одақтасы болып қала береді. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің Facebook парақшасында өткен видеокөпір барысында пандемия кезінде ЕАЭС аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа форматтары талқыланды.

Талқылау барысында Санат Көшкімбаев осы жыл Қазақстан үшін де, Ресей үшін де күрделі болғанын атап өтті.

«Елдеріміздің қарым-қатынасында динамиканың бар екені сөзсіз. Салалық министрліктер және сарапшылық деңгейде қарқынды сапарларды, байланыстарды байқап отырмыз. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты үшін бұл жыл Мәскеуде ресейлік серіктес-әріптестермен, сарапшылармен бірлескен іс-шарамен басталды. 2021 жыл көптеген тосынсый әкелгені анық. Олардың біразы, қауіпсіздік саласындағы мәселелер болжанды да. Бұл - көршілеріміздің, серіктестеріміздің алдындағы тұрған маңызды сын-тегеруіннің бірі», - деп атап өтті сарапшы.

Сонымен қатар ол Қазақстан мен Ресей арасында мәдениет, экономика, тарих, қауіпсіздік саласында тығыз байланыс бар екендігін атап өтті.

«2022 жылдың 25 мамырында Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және серіктестік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл толады. Бұл - Тәуелсіз Қазақстанның біздің стратегиялық серіктес әрі одақтасқа айналған елмен қол қойған алғашқы шарттардың бірі. Бұл одақтастық әскери-саяси салада тығыз өзара іс-қимылды көздейді. Одан сәл бұрынырақ, 1992 жылдың 15 мамырында екі ел ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды. Бұл іргетас 10 жылдан кейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрылуына негіз болды. Онда Қазақстан мен Ресей маңызды рөл атқарып, бұл ұйымға маңызды сипат береді», - деді Санат Көшкімбаев.

Спикер биыл посткеңестік кеңістіктегі барлық ел үшін мерейтойлық жыл саналатынын атап өтті.

«Осы тұрғыдан алғанда бәріміздің мәртебеміз бірдей, оған әртүрлі қорытындымен жеттік. Еуразиялық кеңістіктегі көшбасшы ел ретінде Ресей әрине, қорытынды жасайды. Қазақстан Ресейдің сенімді серіктесі, одақтасы болғанын, болып қала беретінін білеміз. Мұндай қолдауды Ресей тарапынан да сезінеміз. Біздің көшбасшыларымыз Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы үлгілік сипатқа ие екенін бірнеше мәрте айтты. Меніңше, осы тұрғыда бұл - екіжақты қатынас сипатының кең ауқымды анықтамасы», - деді институт директорының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар