Қазақстан ШЫҰ-мен инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларды жүзеге асыруға дайын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің инфрақұрылымдық даму ұлттық бағдарламасының синергиясын қамтамасыз ету маңызды.

Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикаларымыздың цифрлық трансформциясына жаңа көкжиектер ашылуда. ШЫҰ технопарктері пулы бойынша тұжырымдаманы тезірек келісу ұлттық экономикаларды инновациялық рельске көшірудегі күш-жігерді үйлестіруге мүмкіндік береріне сенімдімін. Экономикалық белсенділік орталықтары ретінде өңірлердің тартымдылығын қамтамасыз етуді қаперге ала отырып, біз бүгін Цифрлық дәуірде шалғай және ауылдық аумақты дамыту жөніндегі тұжырымдаманың қабылдануын қолдаймыз», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауданы кеңейту үшін көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту шешуші мәнге ие екендігін баса айтты.

«ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен байқаушылардың инфрақұрылымдық даму ұлттық бағдарламасының синергиясын қамтамасыз ету маңызды деп санаймын. Сонымен қатар ШЫҰ жолдарын дамыту бағдарламасын келісу және қол қою жөніндегі бірлескен жұмысына дайын екендігімді білдіремін. Біздің ортақ күш-жігеріміздің байланыстырушы буыны «Белдеу мен жолды дамыту» мегажобасы бола алатындығы сөзсіз. Қазақстан біздің экономикамыздың және серіктестеріміздің экономикасының пайдасы үшін инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру бойынша лайықты күш-жігер жұмсайтын болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар