18:52, 18 Ақпан 2020 | GMT +6
Қазақстан ШЫҰ-ның экстремизмге қарсы конвенциясын ратификациялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.