"Қазақстан темір жолы" жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылық жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да тұңғыш рет қол астындағы жұмысшылардың жемқорлық әрекеті үшін басшылықты жауапкершілікке тарту туралы норма қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «ҚТЖ» ҰК» АҚ» «Магистральдық желі дирекциясы» басшылығы қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ҚТЖ бөлімшесінің Павлодар филиалы басшыларының жауапкершілігін қарау бойынша бірлескен онлайн-кеңес өткізді.

Іс-шара «ҚТЖ» ҰК» АҚ» «Магистральдық желі дирекциясы» барлық облыстық филиалдардың, «Адал Жол» жобалық кеңсесінің және «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметінің комплаенсінің қатысуымен өтті.

Кеңесте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалының Екібастұз жол дистанциясының бұрынғы бастығы - «магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі» С.Т. Баймағамбетов пен «Қазақстан Темір жолы»ҰК» АҚ филиалының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Р. О. Ибраев бюджет қаражатын жымқырғаны үшін жасаған сыбайлас жемқорлық қылмысын тергеу қорытындылары қаралды.

Екібастұз қалалық сотының 2021 жылғы9 ақпандағы үкімімен С.Т. Баймағамбетов ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 2) тармақшасында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

2020 жылғы 28 желтоқсанда Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен Р.О. Ибраев ҚР ҚК 361-бабының 1-бөлігінде көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 778 000 (екі миллион жеті жүз жетпіс сегіз мың) теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

- Айыптау үкімдері өтті және ҚТЖ басшылығы қорытынды жасап, тиісті пәрменді шаралар қабылдайды деп ойлаймын, - деп атап өтті Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы А.Н. Тастеміров.

- Сондай-ақ, ол кеңеске қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың үшінші пакетімен сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік күшейтілгенін; ұлттық компаниялар қызметкерлерінің есебінен сыбайлас жемқорлық субъектілері кеңейтілгенін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар үшін мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғанын еске салды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының басшысы Б.П. Орынбасаров Павлодар филиалында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін тек жарты жыл ішінде екі басшы қылмыстық жауапқа тартылғанын мойындады.

Қорытындысы бойынша бағыныстыларды сыбайлас жемқорлық үшін Павлодар филиалының басшылығын қатаң тәртіптік жауапқа тарту туралы шешім қабылданды. «ҚТЖ»ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы Павлодар филиалының бірінші орынбасары Еспаев Маратбек Жаңабергенұлы атқаратын қызметінен босатылады.

Сондай-ақ, «Адал жол» жобасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өңірлік филиалдарының барлық басшылары онлайн режимде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп беретін болады.


Соңғы жаңалықтар