Қазақстан түрмелерінде 500-ге тарта шетел азаматы жазасын өтеуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сол секілді Қазақстанның 200-ге тарта азаматы шетелдегі түрмелерде отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетел түрмелерінде жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматтары бар. Көбі ТМД елдерінде. Саны шамамен 200-ден асады. Сол секілді біздің елдегі түрмелерде жазасын өтеп жатқан 500-ден аса шетел азаматы бар. Көбі Ресей, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан азаматтары. Жалпы мемлекеттер арасындағы құзырлы органдардың өзара шарттары жұмыстың оң нәтижесін беріп жатыр. Жуырда ғана Дубайдан бір азаматымызды экстрадицияладық. Испания елі де қылмыс жасаған бір азаматымызды бізге ұстап берді. Қазір тергеу жүріп жатқандықтан, олардың қандай қылмыспен ұсталғанын айта алмаймын», - деді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Сенат қабырғасында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетсек, Сенат қабырғасында бүгін Бразилиямен Қазақстан арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, тұлғаларды ұстап беру және сотталған азаматтармен алмасу туралы заң жобасын ратификациялау мәселесі қаралып, Парламенттің кеңейтілген отырысына енгізу туралы шешім қабылданды.


Соңғы жаңалықтар