Қазақстан Ұлттық банкі кадр резервіне өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі кадр резервіне үміткерлерді іріктеу аясында өтінімдерді қабылдау мерзімін 2022 жылғы 19 ақпанға дейін ұзартады. Бұл туралы ҰБ-ның баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеуге қатысу үшін Қазақстан Ұлттық банкінің сайтында электрондық резюме толтыру қажет.

«Кандидаттарды іріктеу кезіндегі негізгі өлшемшарттар: білімі, жоғары біліктілік деңгейі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық сертификаттардың болуы (қаржы, IT саласында). Кадр резервіне іріктеу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші кезең – түйіндеме мен уәждемелік хат (эссе) беру, одан кейін оларды қарау қорытындысы бойынша кандидаттар Қазақстан Ұлттық банкінің адам капиталын дамыту департаментінің өкілдерімен, сондай-ақ мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуге шақырылатын болады», - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Іріктеуден өткен және кадр резервіне алынған ізденушілер жыл ішінде Қазақстан Ұлттық банкіне жұмысқа орналасуы мүмкін.

Кадр резервіне алынған кандидаттар тізімі Ұлттық банктің сайтында жарияланады.


Соңғы жаңалықтар