Қазақстан жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін мойындатты - Ханануз Расулова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы бойынша «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі Ханануз Расулова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының отызыншы жылына қадам басып отыр. Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан - ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ» деп жазған болатын. Расымен де, еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мақаласында еліміздің үш онжылдықтағы қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтіп, болашаққа міндеттерді айқындағанын баса айтады.


Соңғы жаңалықтар