Қазақстан жастары бокстан Азия чемпионатында алты алтын медаль алды

None
None
ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат – Моңғолия астанасы Ұланбатырда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан ерлер құрамасы Азия біріншілігінен алты алтын медальмен оралды. Азия чемпионы атанғандар мыналар: Мұхамметсабыр Базарбайұлы, Махмұт Сабырхан, Бейбарыс Жексен, Дархан Дүйсебай, Тоғамбай Сағындық және Аманат Сабырғали.

Қазақ жастарының финалдағы жекпе-жектерінің нәтижесі:

49 кг. Мұхамметсабыр Базарбайұлы — Селай Сой (Үндістан) — 4:1

52 кг. Махмұт Сабырхан — Суктет Суравут (Таиланд) — 5:0

56 кг. Бейбарыс Жексен — Хуршидбек Расулжонов (Өзбекстан) — 5:0

64 кг. Дархан Дүйсебай — Жавлонбек Юлдошев (Өзбекстан) — 5:0

75 кг. Азамат Бектас — Сухробжон Каимов (Өзбекстан) — 1:4

91 кг. Тоғамбай Сағындық — Амиршох Самадов (Өзбекстан) — 5:0

+91 кг. Аманат Сабырғали — Ю Донг Жин (Оңтүстік Корея) —5:0.

Соңғы жаңалықтар