Қазақстан жолдарына жол белгілері мен бағдаршамдар жетіспейді – ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселелерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, елдегі әрбір үшінші жол-көлік оқиғасы (2 621 апаттың 961-і немесе 37%), әрбір үшінші қаза тапқан (30%) және жараланғандар (25%) жаяу жүргіншілер үлесіне тиесілі.

«Бұл ретте жаяу жүргіншілердің де жүріс-тұрысына қатысты проблемалар бар. 2020 жылы олардың тарапынан 200 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Биылғы жыл басынан бері – 66,7 мың», - деді Серік Түсіпов министрлікте өткен онлайн брифингіде.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаяу жүргіншілердің тиісті қауіпсіздігін дамыған жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы ғана қамтамасыз ете алады.

Биыл жол инспекциясы бөлімшелері шамамен 168 мың шақырымды қамтитын 8 мыңға жуық автожолға тексеру жүргізген. Оның ішінде елдімекендердің көше-жол желісіне 4 877 тексеру жүргізіліп, жол қауіпсіздігіне теріс әсер ететін автожолдарды күтіп-ұстаудағы 8 445 кемшілік анықталған.

«Біздің қызметкерлер бұл кемшіліктерді жою бойынша 7 886 ұйғарым берді, жолдарды күтіп ұстауға жауапты мыңға жуық (976) лауазымды тұлғаға айыппұл салынды», - деді Серік Түсіпов.

Оның айтуынша, еліміздегі жолдарға қосымша 23 мыңнан астам жол белгілерін, 1 141 дана бағдаршам, 767 қосымша реттелетін жаяу жүргіншілер жолы мен 8 мың шақырым көше-жол желісіне жарық орнату қажет.


Соңғы жаңалықтар