Қазақстанда 1,2 млн ПТР-тест сатып алу үшін 1 млрд теңге бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет 1,2 млн ПТР-тест тест сатып алу үшін 1 миллиард теңге бөлгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елде өкпені компьютерлік томографиядан өткізу жағынан үлкен кезектер пайда болды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 135 томограф бар. Пневмонияны сонымен бірге арзанырақ әрі қолжетімді цифрлық ренгтгент аппараттар арқылы анықтауға болады. Диагностиканың бұл әдістемесі COVID-2019 бойынша ем-дом клиникалық хаттамасына енгізіледі», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау министрі нарықта отандық өндірушілер де шығарған бірнеше диагностикалық тест барын атап өтті.

«Үкімет 1,2 млн тест сатып алу үшін 1 миллиард теңге бөлді. Тесттер қоры әрдайым толығып отырады. Тесттер жақын арада түседі. Қазақстанда қазіргі таңда 46 диагностикалық зертхана бар. Нұр-Сұлтан қаласында ғана күніне 10 мың тест жүргізуге болады. Зертханалардың қуаттылығын арттыру мақсатында тамыз айының соңына дейін 20 ПТР-анализатор сатып алу жоспарланып отыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар