Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық адам екпе алды – Алексей Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1,5 миллионға жуық адам екпе алды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 мамырдағы жағдай бойынша республикадағы инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 42, ал реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 28 пайызды құрайды. Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары жүктемесі Нұр-Сұлтан қаласында 60, Алматы қаласында 57, Қызылорда облысында 59, Алматы облысында 56 пайызды, ал реанимациялық төсек-орындар жүктемесі Нұр-Сұлтан мен Батыс Қазақстан облысында 62, Алматы қаласында 52 пайызды құрап отыр», - деді министр.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында Спутник V, QazVaq, Hayat-Vaх вакциналары қолжетімді.

«Шамамен 1,5 млн адам немесе халықтың вакцинациялауға жататын санатының 15 пайызы екпе алды», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар