Қазақстанда 10 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 10 қазанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Тәуелсіздік сарайында VIII «Ақылды қалалар-ақылды дестинациялар» атты жаһандық қалалық туризм мәселелері бойынша саммиті өтеді.

Сағат 09.30-да Назарбаев Университетінің мемлекеттік саясат Жоғары мектебі «Тәуекел, рационалдылық, беріктік» атты жыл сайынғы конференцияға шақырады.

Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.

Сағат 12.00-де Еуразия ұлттық университеті мен «Қазпошта» АҚ, «Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация» және «Астел» акционерлік қоғамдары арасында Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған адами капитал сапасын жақсарту жөніндегі тапсырманы орындау аясында меморандумға қол қойылады.

Сағат 15.00-де Сенатта «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасы таныстырылады.

Сағат 15.00-де Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

Сағат 15.00-де «Kazzhol» қонақ үйінде «ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілді лауазымды тұлғалар – азаматтық қоғаммен диалогтің моделі» тақырыбында диалог өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Халықаралық кедейлікті жою күні қарсаңында Дүниежүзілік банктің медиа-брифингі өтеді. Брифингте Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы экономисі Уильям Зейц Орталық Азиядағы кедейлік мәселесі бойынша зерттеу нәтижелерімен бөліседі. Шараның өтетін орны: Дүниежүзілік банктің кеңсесі.

Сағат 10.00-де Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға және перспективалы және бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісін дамытуға жәрдемдесу» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова залында кітапхана жанынан құрылған «Жас қалам» жастар шығармашылық клубының салтанатты ашылуы өтеді. Шараға осы клубтың төрағасы - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратқан Шоқан келеді.

Сағат 12.00-де Қазақстан Баспасөз клубында азаптау мен қатыгездік фактілерін анықтау, есепке алу және құжаттандыру бойынша шара өтеді. Онда БҰҰ Стамбул хаттамасының стандарттары негізінде денсаулық сақтау жүйесі бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі жобаны іске асыру мәселелері талқыланады.

Сағат 12.30-да Halyk Arena-да ересектер мен жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалдық халықаралық турнирінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 18.30-да Бас жоспар ғимаратында «Тарихи квартал» жобасының тұсаукесері өтеді.

Соңғы жаңалықтар