Қазақстанда 100 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда биыл 100 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолаушылар вагондары паркін жаңарту мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды. Өткен жылы 109 жолаушылар вагоны сатып алынса, биыл 100 жаңа вагон алуды жоспарлап отырмыз», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде.

Сонымен бірге, министр мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жолаушылар тасымалын қолжетімді ету жұмыстарын баяндады.

«Қазіргі уақытта 44 маршрутта 98 арнайы вагон-купе бар және вагон ішінде еркін қозғалатын, отырғызу мен түсіру кезінде пайдаланатын арбалар бар. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жол жүруге 50% жеңілдік қарастырылған», - дейді Б. Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар