Қазақстанда 14 ақпан күні өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 ақпан күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «The St. Regis Astana» қонақ үйінде Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының жоғары деңгейдегі 5-отырысы өтеді.

10.00-де Нұр Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот жұмысын қорытындылау және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер туралы брифинг өтеді.

12.00-де «Тілеп қобыз сарайында «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында мектептерді салу үлгісінде «Типтік жобалық шешімдер» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы таныстырылады.

15.30-да KazGUU University ғимаратында ҚР Әділет министрлігі «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» және «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының ережелерін студенттермен талқылайды.

АЛМАТЫ

10.00-де Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Бостандық ауданының 2019 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы баспасөз мәслихаты өтті.

15.00-де «Азаматтық орталықтың» мәжіліс залында энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі №6 комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді.

16.00-де Достық үйінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтота Раимқұлова және Президент көмекшісі Аида Балаева режиссерлермен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар