Қазақстанда 147 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 147 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов өткізген кеңес барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес бүгінде республикада жалпы контингенті 250 мың баланы құрайтын 147 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Олардың ең көп саны Алматы (50), Маңғыстау (16) облыстарында, Шымкент қаласында (14) орналасқан.

Вице-премьер үш ауысымды оқыту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын жедел шешудің маңыздылығын атап өтті. Ол үшін оңтайлы шешім – жылдам тұрғызылатын аз шығынды модульдік мектептер салу.

Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен негізгі әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес өткізді.



Соңғы жаңалықтар