Қазақстанда 18 мыңға жуық есірткіге тәуелді науқас тіркелген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан есірткіге тәуелді адамдарды есепке қою олардың келісімімен жүргізіледі. Осы ерікті шараны мәжбүрлі шараға ауыстыру мәселесі қаралып жатыр ма? Ішкі істер министрлігінің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде БАҚ өкілдері осындай сұрақ қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сұраққа ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев жауап берді.

«Есірткіге тәуелді адамдарды есепке алу бойынша айтсақ, Құқықтық статистика комитетінің ресми деректері бойынша, қазір 18 мыңға жуық есірткіге тәуелді науқас есепте тұр. Оның 1,5 мыңы – әйелдер, 62 –сі жасөспірім. Наркологиялық есепке алу тәртібін өзгерту мәселсі Денсаулық сақтау министрлігінің құзырындағы мәселе», - деді басқарма бастығы.

Аталмыш шарада ол сақшылардың жыл басынан бері есірткі саудасымен шұғылданған 7 қылмыстық топтың жолын кескенін айтты.

«Осы жылдың 9 айында 1929 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 1136 есірткі өткізу фактісі және 326 есірткіні аса ірі көлемде сақтау фактісі бар.

Ұйымдасқан 7 қылмыстық топтың жолы кесілді. Олардың үстінен топтардыы құрды және басқарды деген күдікпен 13 қылмыстық іс қозғалды.

12 тоннадан астам әр-түрлі есірткі құралдары алынды, оның ішінде 4,9 кг героин, 9 тоннадан астам марихуана, 376 кг гашиш және 107 кг синтетикалық есірткі бар», - деді басқарма бастығы онлайн брифингіде.


Соңғы жаңалықтар