+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Қазақстанда 2021 жылы коммуналдық тарифтер өсе ме – комитет жауабы

2020 жылғы 25 қараша 13:31
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 2021 жылы коммуналдық тарифтер өсе ме – комитет жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев 2021 жылы коммуналдық тарифтер биылғы деңгейде сақталатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында жылу бағасы арзандайды

«Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының 2021 жылы тарифтерді сақтап қалуға қатысты тапсырмасы бар. Аймақтық бөлімшелердің бәрі аталмыш бағытта ауқымды жұмыс жүргізуде. Табиғи монополиялар тарапынан жаңа тарифтерді бекіту туралы 143 өтінім қарауымызда жатыр. Өтінім бойынша берілген өсім деңгейі баршылық», - деді Асан Дарбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысы бұл өтінімдер қаралатынын жеткізді.

«Бұған дейін айтып өткенімдей, бізде тариф өзгерісінің орынды болуын реттейтін нақты ережелер бар. Олар – инвестициялық бағдарламардың тартымдылығы, тарифтік сметаларды түзету туралы ережелер. Осының бәрі бізге 2021 жылы халық үшін тарифтерді 2020 жылғы деңгейде сақтауға көмектеседі», - деді комитет төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT