Қазақстанда 245 мың жасөспірім толық вакциналанды
2022 жылғы 25 қаңтар 21:17

Қазақстанда 245 мың жасөспірім толық вакциналанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде балаларға екпе салу жұмыстары баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күнге дейін 12-18 жастағы балалар арасында 448 994 адам Pfizer вакцинасының бірінші дозасын алды. Бұл пайыздық деңгейде 35,2%-ды көрсетіп отыр. Ал вакцинаның екінші компонентін 245 411 жасөспірім алды, бұл 19,3 пайызды құрап отыр. Мектептер, интернаттар, балалар үйі секілді нысандар бөлінісіне келсек, статистикалық мәліметтер жекелей жүргізілмейді», - ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева.

Айта кетейік, Қазақстанда Pfizer вакцинасы медициналық қызметкерлерге, балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге және 60-тан асқан тұрғындарға тегін салынады.

Бұған дейін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Pfizer вакцинасы неліктен ақылы түрде салынбайтынын түсіндірген еді.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT