Қазақстанда 25 мың шақырымнан астам жол жөнделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың қорытындыларына сәйкес, жергілікті жолдардың сапа көрсеткіші 71 пайызға жетті. Өткен жылы ел өңірлеріндегі жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 68 пайызды құраған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы республикада жолдардың 4 мыңнан астам шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылып, 350 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдар желісінің үлесі 75 пайызға жеткізілмек», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде.

Айта кетейік, алдағы 5 жылда Қазақстанда 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жолдардың 25 мыңнан астам шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесі 95 пайызға дейін жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың қорытындыларына сәйкес, жергілікті жолдардың сапа көрсеткіші 71 пайызға жетті. Өткен жылы ел өңірлеріндегі жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 68 пайызды құраған болатын.





Соңғы жаңалықтар