Қазақстанда 3,8 млн адам созылмалы аурулармен есепте тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 3,8 млн адам созылмалы аурулармен есепте тұр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикада медициналық қамтудың үш деңгейлі жүйесі қалыптастырылған. Жүйенің бірінші деңгейі – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі барлық азаматқа тегін медициналық көмек көрсетуге бағытталған. 2021 жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қаржыландыру 1 114,7 млрд теңгені немесе медициналық көмектің жалпы шығындарының 61,2 пайызын құрады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Оның атап өтуінше, екінші деңгей – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Оған биыл 705,4 млрд теңге бөлінді. Ал үшінші деңгейде медициналық қызметтер азаматтардың қаражаттары, ерікті медициналық сақтандыру, жекелеген санатқа кіретін тұлғаларға (әскери қызметшілерге, арналуы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне) қосымша көмек есебінен ақылы негізде көрсетіледі. Сонымен қатар азаматтарға созылмалы аурулар кезінде медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында тегін ұсынылады.

«Бүгінде созылмалы аурулармен есепте тұрғандардың жалпы саны 3,8 млн адам. Олардың тек 742 мыңы ғана Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған. Осылайша, Қазақстанның МӘМС жүйесі әлеуметтік бағдарланған саналады және халықты алғашқы әрі сақтандыру мәртебесіне қарамастан барынша қажетті қызметтермен қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта төлем жасаған немесе жарна аударған тұлғалардың саны 18 млн адамды құрайды. Оның негізгі бөлігі жеңілдік санатына кіретін (11,2 млн адам) тұлғалар. Оларға жарнаны мемлекет төлейді», - деді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар